Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Государственное коммунальное учреждение «Областной учебно-методический центр физической культуры, спорта и начальной военной подготовки» при управлении образования Акмолинской области

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған Ақмола облысының жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойындарының облыстық финалы

22.05.2017

2017 жылғы 17-20-шы мамыр  аралығында Бурабай ауданы «Звездный» БСО базасында   Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беру мектептері мен колледждерінің оқушылары арасында «Намыс» Спартакиадасының  бағдарламасында  «Жас Ұлан»әскери-спорттық ойындарының облыстық финалын өткізді.

        Бағдарламаға сәйкес 2017 жылғы 17 мамыр сағат 19.00-де«Звездный» БСО жарыстың салтанатты түрде ашылуына Ш.Уәлиханов атындағы Қорғаныс министрлігініңкадет корпусы, Бурабай ауданының «Арман»мектептен тыс оқу-тәрбие жұмыс орталығы, Ақмола облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қатысты.

        Кіріспе сөзімен қатысушылардың алдында сөйлегендер:Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары О.Н.Ковалева,Ақмола облысының Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің басшысы Ж.М.Ережепов,Ш.Уәлиханов атындағы кадет корпусының басшысы Р.Т.Қабдулинов.

        Жарыстарға білім бөлімдерінен 14 команда колледждерден 13 команда, барлығы 270 тәрбиеленуші қатысты.

Оқушылар  арасындағы жарыстың кейбір түрлері бойынша келесі командалар үздік нәтижелер көрсетті:

·              сап дайындығы – Бурабай ауданы;

·              АК-74толық емес бөлшектеу және жинақтау–Жақсы ауданы;

·              азаматтық қорғаныс (эстафета) – Степногорск қ.;

·              әскери топография – Степногорск қ.;

·              әскери-техникалық  эстафета – Бурабай ауданы;

·              оқжатарды жабдықтау –Жақсы ауданы;

·              сахнаға бейімделген ән конкурсы – Еңбекшілдер ауданы;

 

Студенттер арасында үздік командалар:

·              сап дайындығы –Көкшетау қ., Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі;

·              АК-74толық емес бөлшектеу және жинақтау – Көкшетау қ., Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі;

·              азаматтық қорғаныс (эстафета) – Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі;

·              әскери топография –Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі;

·              әскери-техникалық  эстафета – Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжі;

·              оқжатарды жабдықтау – Көкшетау қ., Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі;

·              сахнаға бейімделген ән конкурсы – Атбасар қ. №1 ИТК;

 

Жалпы білім беру мектептер арасындаорындар келесі жолмен бөлінді:

1 орын – Степногорск қ.;

2 орын – Бурабай ауданы;

3 орын – Жақсы ауданы;

4 орын – Еңбекшілдер ауданы;

5 орын – Жарқайын ауданы;

6 орын – Зеренді ауданы;

7 орын – Атбасар ауданы;

8 орын – Бұланды ауданы;

9 орын – Көкшетау қ.;

10 орын – Ақкөл ауданы;

11 орын – Целиноград ауданы;

12 орын – Аршалы ауданы;

13 орын – Сандықтау ауданы;

14 орын – Астрахан ауданы;


Колледждер арасында жалпы есепке алу бойынша:

1 орын – Атбасар қ.,№1 Индустриалдық-техникалық колледжі;

2 орын –Көкшетау қ., Ж. Мусин атындағы педагогикалық колледжі;

3 орын –Көкшетау қ.,Азаматтық қорғаныс көпсалалыколледжі;

4 орын – Щучье қ., Жоғары колледжі;

5 орын -  Степногорск қ., №2 Индустриалдық-техникалық колледжі;

6 орын – Қатаркөл  с., Ауылшаруашылық колледжі;

7 орын–Экология және орман  шаруашылық колледжі;

8 орын – Индустрия, туризм және сервис колледжі;

9 орын – Аршалы с., агротехникалық колледжі;

10 орын – Щучье қ.,педагогикалық колледжі;

11 орын -  Астрахан с.№6 агротехникалық колледжі;

12 орын – Шағалалы с., Агробизнес колледжі;

13 орын – Көкшетау қ.,№1 құрылыс-техникалықколледжі

Просмотров: 388


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст